Футбол

"Барселонадан" қарымта. "Бавария" каталондықтардың ойыншысына көз тігіп отыр

SPORTARENA.com

Мюнхендік "Бавария" каталондық Барселона" қорғаушысы Рональд Араухоға көз тігіп отыр. Бұл туралы Sky Germany журналисті Флориан Плеттенберг хабарлап отыр.

24 жастағы уругвайлыққа "Баварияның" бас бапкері Томас Тухель қызығушылық білдіріп отыр екен. Клуб тіпті ойыншыға ұсыныс жасап та қойыпты. 

Ал "Барселона" уругвайлықты жібергісі жоқ, керісінше онымен келісімшартты ұзартқысы келеді.

Биылғы маусымда Рональд Араухо "Барселона" сапында 11 матчке қатысып, бір гол салған.

Еске салйық, бұған дейін каталондық "Барселонаның" бас бапкері Джави Эрнандес мюнхендік "Баварияның" 28 жастағы жартылай қорғаушысы Йозуа Киммихке қызығушылық білдіріп отырғанын жазған болатынбыз.


Басқа спорттық жаңалықтар