Футбол
Қазақстан құрамасының капитаны карьерасын жалғастыратын клубты таңдады
ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген "Ордабасы" сапында қалатын болды, деп жазады Meta-ratings.
Мәлімет бойынша, футболшы жазда осындай шешім қабылдап ойған екен. Оның жаңа келісімшарты 2024 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.
Еске салайық, Асхат шымкенттік клубта 2023 жылдың қаңтарынна ойнап келеді. Биылғы маусымда ол "Ордабасымен" бірге Қазақстан чемпионы атанды.