Футбол

"Барселона" жазда Йозуа Киммихті сапына қосып алмақ

FootballHD

Каталондық "Барселонаның" бас бапкері Джави Эрнандес мюнхендік "Баварияның" 28 жастағы жартылай қорғаушысы Йозуа Киммихке қызығушылық білдіріп отыр.

Todofichajes мәліметінше, испандық гранд қорғаныс шебін күшейтуді жоспарлап отыр. Каталондық клуб Киммихтен бөлек Бундеслиганың басқа ойыншыларын қарастырып отыр екен, дегенмен бавариялық футболшы тізімде бірінші кезекте тұр.

Каталондықтардың бапкері германиялық футболшымен бірнеше рет жеке кездесіпті, алдын ала келісім бойынша хавбек испания чемпонатына ауысуыға көніп отыр. Егер бәрі дұрыс өтсе, трансфер жазда болады деп жоспарлануда. 

Айта кетейік, Transfermarkt Киммихті 75 миллион еуроға бағалап отыр.

Басқа спорттық жаңалықтар