Бокс

Мұхаммедсабыр Олимпиадаға лицензияны жеңіп алды

Мұхаммедсабыр Олимпиадаға лицензияны жеңіп алды
Kazakhstan Boxing Federation

Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Таиландағы лицензиялық турнирде соңғы айқасын өткізді.

63,5 келіде өнер көрсететін Мұхаммедсабыр Еуропаның вице-чемпионы, молдовалық Александр Параскивпен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте қазақ боксшы үш раундта да айқын басым болып, төрешілер жеңісті бірауыздан Базарбайұлына берді.

Осылайша, Мұхаммедсабыр Париж Олимпиадасына лицензия иеленді. Енді Қазақстанның бокстан ерлер құрамасы Жазғы ойындарға барлық салмақта барады.

Басқа спорттық жаңалықтар