Футзал

Футзалдан Қазақстан құрамасының Еуро-2026 турниріндегі қарсыластары белгілі

Футзалдан Қазақстан құрамасының Еуро-2026 турниріндегі қарсыластары белгілі
ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы қарсыластары анықталды.

Швейцария астанасы Ньон қаласында 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Қазақстандық футзалшылар алтыншы топта Армения, Дания және Албания құрамаларымен ойнайды.

Құрлықтық дода 2026 жылдың 18 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында Литва және Латвияда өтеді. Іріктеу турнирі 2024 жылдың 9 желтоқсанында басталады. Іріктеу сатысында құрамалар әрбір қарсыласымен өз және сырт алаңда екі ойын өткізеді.

Алғашқы екі тур 2024 жылдың 9-18 желтоқсан аралығында болса, 3-4 тур 2025 жылдың 27 қаңтар — 5 ақпан, 5-6 тур 7-16 сәуір күндеріне белгіленген.

Басқа спорттық жаңалықтар