Бокс

Базарбайұлы лицензилық турнирде кубалықтан жеңілді

Базарбайұлы лицензилық турнирде кубалықтан жеңілді
ҚБФ

Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Таиландта өтіп жатқан соңғы лицензилық турнирде кезекті айқасын өткізді.

63,5 келіде өнер көрсететін қазақ боксшы ширек финалға жолдама үшін 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Эрисланди Альвареспен жұдырықтасты. Өкінішке қарай Мұхаммедсабыр бұл жекпе-жекте төрешілер шешімімен есе жіберіп алды.

Бүгін Базарбайұлына дейін рингке шыққан Назым Қызайбай 50 келідегі 1/16 финалда оңтүстік кореялық Джухюнг Джунты жеңді.

Ал бұған дейін Ұлжан Сәрсенбек (54 кг), Римма Волосенко (60 кг) және Наталья Богданова (66 кг) жарыстан шығып қалған болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар