Кәсіби бокс

Жәнібек Әлімханұлы Канеломен қашан жұдырықтасқысы келтінін айтты

Жәнібек Әлімханұлы Канеломен қашан жұдырықтасқысы келтінін айтты
instagram.com/klimasmanagement

Орта салмақта WBO және IBF титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) суперорта дивизионда әлемнің абсолют чемпионы Сауль Канело Альвареспен (60-2-2, 39 КО) жекпе-жекке қашан шыққысы келетінін айтты.

Қазақстандықтың ойынша, бұл келесі жылы болуы мүмкін, алайда оған дейін Жәнібек орта салмақта барлық титулды жинап алғысы келеді.

"Орта салмақта бірде-бір жақсы боксшы қалмады деп ойлаймын. Мен барлық төрт белбеуді тезірек жинап, Канеломен суперорта салмқата айқассам деймін. Бұл келесі жылы болады деп үміттенемін. Бірақ бір мәселе бар: Канело менімен айқасуға келісе ме? Көреміз!", - деп жазыпты Жәнібек твиттерде.

Басқа спорттық жаңалықтар