Теннис

ATP жаңартылған рейтингінде Бублик карьерасындағы ең жоғары орынға шықты

ATP жаңартылған рейтингінде Бублик карьерасындағы ең жоғары орынға шықты
Reuters

Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 19-дан 17-орынға көтерілді. Бұл оның карьерасындағы үздік көрсеткіш.

Александр Шевченко 61-ден 59-ға ауысса, Михаил Кукушкин 135-тен 136-ға сырғыды. Денис Евсеев пен Бейбіт Жұқаев сәйкесінше 167 және 171-орнында қалды. Өткен аптада Аугсбург (Германия) челленджер турнирінің чемпионы атанған Тимофей Скатов 242-тен 199-ға жоғарылап, ТОП-200-ге кірді.

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Недовесов 38-ден 40-сатыға төмендеді.

Әйелдер арасында WTA рейтингісінде Елена Рыбакина 4-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 37-ден 39-ға түсті. Жұптық сында Анна Данилина 59-дан 57-ге шықса, Жібек Құламбаева 144-орында (-2) тұр.

Басқа спорттық жаңалықтар