Теннис

Александр Шевченко Франция ашық чемпионатының екінші айналымына өтті

Александр Шевченко Франция ашық чемпионатының екінші айналымына өтті
AFP

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына өтті.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда ресейлік Аслан Карацевпен бес сетті 3 сағат 15 минут ойнап, 6:4, 4:6, 1:6, 6:1, 6:4 есебімен ұтты. Шевченко бұл ұзақ ойында 13 эйспен бірге 15 брейк-пойнттың тоғызын пайдаланды. Карацев 1 эйс, 8 брейктен (22 брейк-пойнт) аса алмады.

Енді Александр үшінші айналымға өту үшін франциялық Корентен Мутемен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар