Футбол

"Бешикташ" жанкүйерлері Зайнутдиновты командада көргісі келмейді

Instagram.com/bateka_11/

"Бешикташқа" қатысты жаңалықтарды жариялап отыратын түркиялық шолушы Омер Кутсал жанкүйерлер арасында Бахтире Зайнутдиновтың болашағына қатысты сауалнама жүргізді.

Өткен маусымда Зайнутдинов ыстамбұлдық клуб үшін барлық турнирде 37 матч өткізіп, бір гол салды. "Бешикташпен" бірге ол Түркия кубогін жеңіп алды, ал ел чемпионатында команда алтыншы болды.

Кутсал сауалнама қорытындысын жариялаған уақытта жанкүйерлердің көпшілігі (66,3 пайыз) "Бешикташ" Зайнутдиновпен қош айтысуын қолдап, дауыс берген болатын. Ал жанкүйрелердің үштен бірі (32,4%) қазақстандық футболшы келесі маусымда қосалқы ойыншы бола алатынын жазыпты. Сауалнамаға жауап берушілердің 1,3 пайызы ғана Бахтиер келесі маусымда негізгі құрамда болады деген екен.

Басқа спорттық жаңалықтар