Футбол
Биыл "Алтын бутсаны" кім алатыны айтылды
Football.By
"Бавария" мен Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн 2023/24 маусымдағы еуропалық чемпионаттарда үздік бомбардир атанып, "Алтын бутсы" марапатын иеленеді.
Англиялық футболшы Бундеслиганы 36 голмен аяқтады. Одан кейін 28 гол салған "Штутгарт" ойыншысы Серу Гирасси. Үшінші орында "Пари Сен-Жермен" форварды Килиан Мбаппе (27 гол).
Бұл Кейннің "Бавариядағы" алғашқы маусымы. Былтыр оның трансфері үшін мюнхендіктер "Тоттенхэмге" 95 миллион еуро төлеп, шабуылшымен 2027 жылдың 30 маусымына дейні келісімшартқа отырды.