Футбол

Гвардиола "МанСитидің" жаңа бас бапкері кім болатынын айтты

Гвардиола
mancity.com

"Манчестер Ситидің" бас бапкері Хосеп Гвардиола болашақта англиялық клубты кім жаттықтыратынын айтты.

"Болашақта "Манчестер Ситидің" бапкері Венсан Компани болады, осыны есте сақтап алыңдар. Иә, бұл міндетті түрде болады. Осылай болғанда, маған қоңырау шаласыздар...", - деп береді Гвардиоланың сөзін инсайдер Фабрицио Романо.

Компани "Манчестер Сити" сапында 2008 бен 2019 жылдар аралығы ойнаған. 2020 жылы бір маусым "Андерлехтте" өткізіп, карьерасын аяқтады. Кейін "Андерлехт" пен "Бернли" клубтарын жаттықытрыды.

Айта кетейік, "МанСити" биылғы маусымда Гвардиоламен бірге төртінші жыл қатарынан Англия чемпионатын жеңіп алды. Мұндай АПЛ-дің 135 жылдық тарихында болмаған екен.

Басқа спорттық жаңалықтар