ММА

Шавкат Рахмоновты ықтимал қарсыласының есімі аталды

Шавкат Рахмоновты ықтимал қарсыласының есімі аталды
Sports.kz

UFC-де жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (18-0) келесі жекпе-жекке шығатын басты үміткер анықталды.

30 маусым Лас-Вегаста өтетін UFC 303 турнирінің кардына жартылай орта салмақта үлкен бір жекпе-жек қосылды. Англиялық Майкл Пейдж (22-2) ирландиялық Иэн Гэрримен (14-0) жұдырықтасады.

Мұның алдында Рахмоновтың өзі Пэйдж келесі қарсыласы болуы мүмкін екенін айтқан:

"Келесі қарсыласым Маддалена болатын шығар, бірақ Пейдж де бар. Маған кім болса да бәрібір, тезірек титулды жекпе-жекке жетсем болғаны".

Алайда қазіргі таңда түрлі ақпарат көздері Шавкатпен жекпе-жекке басты үміткер аустралиялық Джэк Дэлла Маддалена екенін жазуда.

Еске салайық, Маддалена 10 наурыз Майамиде өткен UFC 299 турнирінде бразилиялық Гилберт Бернсті (22-7) жеңгеннен кейін Шавкатты айқасқа шақырған. Осы жеңіс арқасында аустарлиялық файтер UFC рейтингінде бесінші орынға көтерілді, ал Рахмонов бұл тізімде үшінші.

Басқа спорттық жаңалықтар