Кәсіби бокс

Жүкембаевқа Сабриель Мастиаспен жекпе-жекке шығу керегі айтылды

Жүкембаевқа Сабриель Мастиаспен жекпе-жекке шығу керегі айтылды
Sports.kz

Бірініші жартылай орта самлақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (23-1, 17 КО) әлеуметтік желіде пост жариялап, оған жауап алды.

Батыр твиттер желісінде: "Келесі кім?" деп жазған еді. Желі қолданушылардың бірі оған пуэрториколық Сабриэль Матиаспен (20-1, 20 КО) жекпе-жекті ұсынды.

Боксшылар 2021 жылы мамырда алғаш рет жұдырықтасып, сегізінші раундтан кейін қазақстандық боксшының командасы жекпе-жекті тоқтату туралы шешім қабылдады. Міне осы сәтсіздік Батырдың кәсіпқой карьерасындағы жалғыз жеңіліс. Ол айқаста бірінші жартылай орта дивизионда IBF титулына міндетті қарсылас анықталған еді.


Басқа спорттық жаңалықтар