Гимнастика

Аида Бауыржанова Азия чемпионатында алғашқы жүлдесін жеңіп алды

Аида Бауыржанова Азия чемпионатында алғашқы жүлдесін жеңіп алды
olympic.kz

Ташкентте спорттық гимнастикадан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында қазақстандық спортшы тұңғыш рет жүлде алды, деп жазады Olympic.kz.

Соңғы жарыс күнінде Аида Бауыржанова қола жүлде жеңіп алды. Ол еркін жаттығудан 13.066 ұпай жинап, үздік үштікке енді. Бұл жарыста Аиданың алдына Филиппин мен Қытай спортшылары шыға алды. 

Айта кетелйік, Аида Бауыржанова көпсайыста төртінші орын иеленіп, Париж Олимпиадасына іріктеуден өте алмады.

Басқа спорттық жаңалықтар