2024 Париж Олимпиадасы

Қазақстандық атлет Олимпиада жарысынан шеттелді

Қазақстандық атлет Олимпиада жарысынан шеттелді
Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық жеңіл атлет Давид Ефремов 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруде фальстарт жасап, жарыстан шеттетілді.

Қазақстандық атлет жұбаныш сайысының мүмкіндігін пайдалана алмады. Жүгіру алдында қателікке бой алдырып, қатысушылар қатарынан шығып қалды. Бұған дейін Давид негізгі іріктеуде жартылай финалға шыға алмаған еді.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан 30-орында тұр.

Басқа спорттық жаңалықтар