Кәсіби бокс

Жәнібек Әлімханұлы титулды жекпе-жек өткізетіні ресми хабарланды

Жәнібек Әлімханұлы титулды жекпе-жек өткізетіні ресми хабарланды
instagram/janibek_alimkhanuly

Америкалық белгілі журналист Дэн Рафаэль орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі туралы ақпаратпен бөлісті.

Жәнібек IBF желісі бойынша міндетті қарсылас Жаңа Зеландия боксшысы Андрей Михайловичпен титулды айқас өткізеді екен.

"Жаңа ғана Top Rank Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы әлем чемпионы титулын 13 шілде Лас-Вегаста Андрей Михайловичке қарсы қорғайтынын жария етті. Осы арқылы менің екі апта бұрын блокнотымда жазғанымды растап отыр", - деп жазыпты журналист твиттерде.


Басқа спорттық жаңалықтар