Бокс

Жаға ұстасып қалған Усик пен Фьюриді күзет ажыратып алды

Жаға ұстасып қалған Усик пен Фьюриді күзет ажыратып алды
Sports.ru

Суперауыр салмақтағы чемпиондар украиналық Александр Усик пен британиялық Тайсон Фьюри көзарбасу кезінде жаға ұстасып қалды.


Сауд арабиясының астанасы Эр-Риядта өткен баспасөз мәслихатынан кейін боксшылар стердаунға шыққан. Боксшылар бір-бірін баспен итере бастады, осы кезде іс насырға шаппай тұрып оларды қауіпсіздік қызметі арашалап алып кетті. 


Айта кетейік, Усик пен Фьюри арасындағы суперауыр дивизионда абсолют чемпион атағы үшін жекпе-жек 17 ақпанда өтеді. 




Басқа спорттық жаңалықтар