Футбол

Роналду ойнайтын "Әл-Наср" Чемпиондар лигасына қосылуы ықтимал

Роналду ойнайтын
instagram.com/cristiano

УЕФА саудиялық "Әл-Наср" футбол клубын Чемпиондар лигасына қатысатын командалар қатарына қосу жолдарын қарастырып жатыр, деп хабарлайды Eurofootball.


Бұл идеяның өзгеше екеніне қарамастан Али Әл-Харби атты журналист осындай талқыны әлеуметтік желіде таратып жатыр. Оның сөзінше, "Әл-Наср" қазіргі таңда әлемдегі ең танымал клубтардың бірі, УЕФА бірінші кезекте дәл осы факторды негізге алып отыр екен.


Айта кетейік, Криштиану Роналдудың "Әл-Насрға" аусқанына бір жылдан асты. Осы оқиғадан кейін өзге де танымал ойыншылар Сауд Арбиясы чемпионатына ауыса бастады.


2024/25 маусымында Чемпиондар лигасының форматы айтарлықтай өзгереді. Атап айтқанда, топтық кезеңнің орнына швейцариялық жүйе бойынша мачттері бар жалпы лига өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар