Кәсіби бокс

Али Ахмедов косториколық қарсыласын нокаутқа түсірді

Али Ахмедов косториколық қарсыласын нокаутқа түсірді
Instagram/@ali_akhmedov_officialpage

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Ахмедов (20-1, 15 КО) Детройттағы бокс кешінде жекпе-жек өткізді.

Ахмедов 40 жастағы Энкарнасьон Диаспен (18-4, 11 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек он раундқа есептелген болатын, бірақ, екіншісінде техникалық нокаутпен аяқталды. Ал оған дейін Али "Қиратушы" лақап атты косториколықты бір есеңгіретіп алды.

Осылайша, Ахмедов карьерасында 21-рет жеңіске жетті, ал Энкарнасьон Диас бесінші рет жеңілді.

Басқа спорттық жаңалықтар