Хоккейден әлем чемпионаты — 2024

Хоккейден ӘЧ-нің жартылай финалына өткен барлық команда анықталды

Хоккейден ӘЧ-нің жартылай финалына өткен барлық команда анықталды
instagram.com/iihfhockey

Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты элиталық дивизионында жартылай финалда кездесетін барлық командалар анықталды.

23 мамырда ширек финалда Чехия АҚШ-ты 1:0, Швеция Финляндияны 2:1 есебімен ұтты. Ал одан бұрын Канада Словакиядан 6:3, Швейцария Германиядан 3:1 есебімен басым түскен еді.

Енді 25 мамырда жартылай финалда Швеция мен Чехия, Канада мен Швейцария құрамалары ойнайды.

Финал мен 3-орын үшін сайыс 26 мамыр күні өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар