Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасы: Жарыс туралы не білу керек
Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасының басталуына екі аптадай уақыт қалды. Olympic.kz алдағы ірі жарыс туралы маңызды ақпараттарды назарларыңызға ұсынады.
- Жасөспірімдер Олимпиадасы 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтеді. Осы уақыт аралығында ойынның ашылу және жабылу салтанаты өтеді.
- Олимпиаданың ашылу салтанатында K-pop жұлдыздары мен өзге де әртістер өнер көрсетеді. Спортшылар маршқа қатысып, жасөспірімдер Олимпиадасының алауы жанады.
- Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы Азия құрлығында өтетін алғашқы жарыс болмақ.
- Спорттың 15 дисциплинасы бойынша медаль сарапқа салынады (жеті спорт түрі). Спортшылар жалпы есебі 81 жүлде жиынтығына таласады.
- Ашылу салтанатынан басқа жарыстардың бәріне кіру тегін - қысқы Жасөспірімдер олимпиадасына қатысушылар саны рекордқа жетті – 1800 атлет.
- Ойынның елшілері ретінде танымал спортшылар Юн Соң Бин, Чхве Мин Чжон, Юна Ким, Эйлин Гу таңдалған.
- Көрермендердің түрлі спортпен айналысып көруіне мүмкіндік берілетін арнайы алаңқай ашылды.
- Қазақстан бес спорт түрі (10 дисциплина) бойынша 42 спортшыны жарысқа қосады.