Теннис

Бублик Лиондағы турнирдің жарытлай финалына жетті

 Бублик Лиондағы турнирдің жарытлай финалына жетті
ҚТФ

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Францияның Лион қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жартылай финалына өтті.

Қазақстандық теннисші ширек финалда ресейлік Павел Котовпен үш сағаттан астам уақыт ойнап, 7:6 (7:4), 6:3 есебімен ұтты. Бұл матчте  Бублик 11 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Котов 3 эйспен бірге 17 брейк-пойнттың төртеуін ғана өз есебіне жазды.

Енді Александр Бублик финалға шығу үшін франциялықтар Юго Гастон және Джованни Мпетчи Перрикар матчінің жеңімпазымен ойнайды. .

Басқа спорттық жаңалықтар