Кәсіби бокс

Жүкембаевты жеңісімен Теренс Кроуфордтың өзі құттықтады

Жүкембаевты жеңісімен Теренс Кроуфордтың өзі құттықтады
x.com/ProBox_TV

Екі салмақта әлемнің абсолют чемпионы болған америкалық Теренс Кроуфорд (40-0, 31 КО) қазақстандық командаласы Батыр Жүкембаевты (23-1, 17 КО) жеңісімен құттықтады.

Батыр Плант-Ситиде өткен жекпе-жек кешінде украиналық Иван Редкачты (24-7-1, 19 КО) бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

"Құттықтаймын, Батыр Жүкембаев", - деп жазыпты Кроуфорд Instagram желісіндегі стористе.


Басқа спорттық жаңалықтар