Бокс

Қазақстан құрамасының Таиландағы турнирде қарсыластары анықталды

Қазақстан құрамасының Таиландағы турнирде қарсыластары анықталды
ҚБФ

Бүгін Таиланд астанасында басталатын Олимпиадаға соңғы іріктеу турнирі басталады. Бұл жарысқа Қазақстаннан алты боксшы барды. Қазақстандықтардың соңғы лицензиялар үшін таласта алғашқы қарслыастары белгілі.

Ерлерден 63,5 келідегі жалғыз боксшымыз Мұхаммедсабыр Базарбайұлының қарсыласы филиппиндік Кристиан Питт Лауренте.

Әйелдер: 50 келі: Назым Қызайбай - Николь Дурикова (Словакия);

54 келі: Ұлжан Сәрсенбек - Шера Мэй Патрисио (АҚШ);

60 келі: Римма Волосенко - Мария Фелиситас Гангльбауэр (Германия);

66 келі: Наталья Богданова - Кристина Кулухова (Сербия);

75 келі: Валентина Хальзова - Каролина Махно (Украина).

Басқа спорттық жаңалықтар