Кәсіби бокс

Головкинді жаттықтырған америкалық бапкер қазақ стилі қандай болатынын айтты

Головкинді жаттықтырған америкалық бапкер қазақ стилі қандай болатынын айтты
ESPN.com

Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) бапкері болған Джонатон Бэнкс қазақстандық Али Ахмедовтың (20-1, 15 КО) келесі жекпе-жегіне қатысты өз ойын айтты.

Детройттағы бокс кешінде Ахмедов никарагуалық Энкарнасион Диаспен (18-4, 11 КО) жұдырықтасады. Он раундтық жекпе-жек Қазақстан уақытымен 24 мамыр таңғысын болады.

"Алимен бес жыл бұрын Головкинді жаттықтырып жүргенде таныстым. Бұл жекпе-жекте Али Детройтта алғаш рет жұдырықтасады, ал мен үшін бұл ұзақ уақыттан кейінгі үйге оралу.

Қазақ стилі кубанікіне және Kronk залының стиліне ұқсайды, өйткені онда қозғалыс көп. Қозғала отырып, ырғақты ұстап отырамыз. Бар айырмашылығы осы. Біз айқасып, жеңіске жету үшін шығамыз. Алиде Детройтта алғаш рет жұдырықтасудың жақсы мүмкіндігі туды", - деп береді Бэнкстің сөзін Boxingscene.com.

Басқа спорттық жаңалықтар