Кәсіби бокс

WBA ұйымы Батыр Жүкембаевтың жеңісін атап өтті

WBA ұйымы Батыр Жүкембаевтың жеңісін атап өтті
Eye Of The Tiger Managment

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBA) қазақстандық Батыр Жүкембаевтың (23-1, 17 КО) Плант-Ситиде өткен жекпе-жек кешіндегі жеңісін атап өтті.

Батыр бұл айқаста украиналық Иван Редкачты (24-7-1, 19 КО) бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақтағы WBA Continental North Americas титулын қорғап қалды.

"Батыр Жүкембаев Плант-Ситиде Иван Редкачты бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Ол бірінші жартылай орта салмақта WBA Continental North Americas чемпионы болып қалды", - деп жазады WBA баспасөз қызметі.



Басқа спорттық жаңалықтар