Теннис
Жібек Құламбаева Таиландтағы жарыстың финалына шықты
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Нонтхабури (Таиланд) ITF турнирінің финалына жолдама алды.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге жартылай финалда таиландтық Луксика Кумхум – оңтүстіккореялық Со Хен Пакпен кортқа шықты.
Қазақстандық-грекиялық жұп қарсыластарын 6:4, 6:1 есебімен айқын басымдылықпен ұтты.
Матч небәрі 1 сағат 11 минутқа созылды.
Ж.Құламбаева – С.Сакеллариди финалда тағы бір таиландтық Ланлана Тараруди – тайбэйлік Хиа Юи Тсаомен бас жүлдені сарапқа салады.
Дереккөз: kaz.inform