Кәсіби бокс

Мейірім Нұрсұлтановтың жекпе-жегі кейінге шегерілді

Мейірім Нұрсұлтановтың жекпе-жегі кейінге шегерілді
RCC Boxing Promotions

"Adal Promotions" промоутерлік компаниясының баспасөз қызметі орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (20-0, 11 КО) жекпе-жегі өтпейтінін хабарлайды.

"Құрметті достар, "Adal Promotions" боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) келесі кездесуін 13 шілде өткізуі керек болған. Бірақ, өкінішке қарай, визаның шықпауына байланысты боксшымыздың бұл кездесуі өтпейді. Қазіргі уақытта Мейірім жаттығуын тоқтатпай ары қарай жалғастыруда. Бүгінгі таңда жаңа кездесу туралы келіссөз жүріп жатыр. Келіссөз аяқталғанда біз міндетті түрде хабарлаймыз!", - делінген хабарламада.

Басқа спорттық жаңалықтар