ММА

UFC Fight Night 233 турнирін Қытайда өткізбейтін болды

UFC Fight Night 233 турнирін Қытайда өткізбейтін болды
UFC

UFC Fight Night 233 турнирінің өтетін орнын Қытайдан АҚШ-қа ауыстырылды. Бұл туралы MMA Junkie басылымы анонимді дереккөзге сілтеме жасап хабарлап отыр.


Турнирдің орны неге ауыстырлғаны белгісіз. Жекпе-жек кеші 9 желтоқсан Шанхайда өту керек еді.


UFC 2019 жылдан бері Қытайда турнир өткізбеді. Енді ивент Лас-Вегастағы UFC Apex аренада болады. Ал кардтан Road to UFC санатындағы төрт жекпе-жек пен жартылай ауыр салмақтағы Брэндон Рибейро мен Миньян Чжан кездесуі алынып тасталды.

Басқа спорттық жаңалықтар