Теннис

Қазақстандық теннисші Швециядағы турнирдің екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Швециядағы турнирдің екінші айналымына өтті
olympic.kz

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Дандерид қаласында (Швеция) өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.


Бірінші айналымда отандасымыз жергілікті теннисші Карл Фрибергті еш қиындықсыз жеңді – 6:2, 6:3.


Айта кетейік, кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды.


Келесі айналымда Евсеев әлем рейтингінде 139-орында тұрған америкалық Брэндон Накашимамен кездеседі.

Басқа спорттық жаңалықтар