Бокс
Нганну қанша жекпе-жектен кейін карьерасын аяқтайтынын айтты

instagram.com/francisngannou
Ауыр салмақта UFC чемпионы болған Фрэнсис Нганну карьерасын аяқтағанға дейін қанша жекпе-жек өткізетінін айтты.
"Мен ең мықтылармен ғана айқасуды қалаймын. Енді карьерамда сегіз жекпе-жек өткізу ғана қалған болар", - дейді Нганну SHOWTIME Sports телеарнасының YouTube-тегі The Last Stand подкастында.
Айта кетейік, бұған дейін Нганну суперауыр салмақта WBC чемпионы британиялық Тайсон Фьюримен өткізген бір ғана жекпе-жек үшін UFC-дегі бүкіл карьрасында тапқан табысынан көп алғанын айтқан болатын.