ММА

Жексенбіде Асу Алмабаев UFC-дегі төртінші жекпе-жегін өткізеді

Жексенбіде Асу Алмабаев UFC-дегі төртінші жекпе-жегін өткізеді
Видеодан кадр

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (20-2) жексенбі күні UFC-дегі төртінші жекпе-жегіне шығады.

UFC Fight Night 245 турнирі Лас-Вегаста өтеді. Асудың қарсыласы - бразилиялық Матеус Николау (19-4-1). Қазақстандықтар бұл жекпе-жекті ұйымның ресми сайтынан көре алады. Қазақстандағы уақытпен сағат түнгі 02:40 шамасында басталады.

Бұл жекпе-жекте қазақстандық спортшы фаворит саналып отыр. Жекпе-жек жеңілірек салмақ дәрежесінде өтеді. Матеус Николау UFC рейтингінде 7-орында тұрған спортшы. Асу болса 14-орынға жайғасқан. Қазақстандық спортшы осыған дейін өткізген 3 жекпе-жегінде де жеңіске жетті. Біреуінде қарсыласын уақытынан бұрын ұтып шықса, екеуінде төрешілер шешімімен басым болды.

Басқа спорттық жаңалықтар