Бокс
Үздік ондықта. Нганну ресми түрде WBC ұйымының рейтингіне кірді

RingSide24
WBC ұйымының басқарушы кеңесі тегі камерундық файтер Фрэнсис Нганнуды ресми түрде рейтингке қосты.
UFC чемпионы болған спортшы енді WBC-дің ауыр салмақ рейтінгінің топ-10 тізіміне еніп отыр.
"Фрэнсис Нганну суперауыр салмақта WBC чемпионына қарсы жекпе-жекте өзін жақсы көрсетті, осы себепті WBC-дің басқарушы кеңесі оны суперауыр дивизионда №10 етуді ұйғарды", - делінген ұйым хабарламасында.
Еске салайық, 28 қазан Сауд Арбиясының астанасында өткен бокс кешінде Фрэнсис Нганну британиялық чемпион Тайсон Фьюримен жұдырықтасты. Бұл оның бокстағы алғашқы жекпе-жегі еді.