Астаналық "Номад" хоккей командасы Құрлық кубогына қатысады

Қазақстандық «Номад» командасының қатысуымен өтетін Құрлықтық кубоктың Е тобындағы ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.
Қазақстандық бапкер Фёдор Полищуктің жетекшілігімен «Номадтан» өзге Е тобында «Кардифф Девилз» (Ұлыбритания), «Гренобль» (Франция) және «Земгале» (Латвия) командалары сынға түседі.
«Номадтың» ойын кестесі (Астана уақытымен)
17 қараша. 21:00. «Кардифф» - «Номад»;
19 қараша. 01:15. «Гренобль» - «Номад»;
19 қараша. 20:00 «Номад» - «Земгале».
Құрлықтық кубок Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы аясында 1997 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін еліміздің атынан қатысқан Көкшетаудың «Арлан» командасы 2018/2019 жылғы турнирде бас жүлдені жеңіп алды.
Әртүрлі жылдарда «Бейбарыс» (Атырау), «Сарыарқа» (Қарағанды), «Номад» (Астана) екінші орынға жайғасса, «Қазцинк-Торпедо» (Өскемен) қола жүлдегер атанған еді.