ММА
Қырғыз файтер UFC-де алғашқы жекпе-жегін өткізеді
sport24.ru
Қырғызстандық файтер Мықтыбек Оралбай уулы UFC промоушеніне өтуге тырысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол 18 қарашада Лас-Вегастағы UFC FN Vegas 82 турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Оралбай уулы серб спортшысы Урос Медичке қарсы шығады.
Мықтыбек жалпы ММА-де 13 жекпе-жек өткізген (11 жеңіс, 1 тең және 1 жеңіліс).
Медич ММА-да 10 жекпе-жек өткізген (9 жеңіс және 1 жеңіліс) және UFC-де 4 кездесуі бар (3 жеңіс пен жеңіліс).
Еске салайық, бұған дейін Қырғыз елінен апалы-сіңлілі Шевченколар, сондай-ақ Рафаэль Физиев (кейін Қырғызстан туы астында жарысудан бас тартты) UFC-де өнер көрсете бастаған болатын.