Сауд Арабиясы футбол чемпионаты

«Әл-Наср» «Реал Сосьедад» жартылай қорғаушысын сатып алғысы келеді

«Әл-Наср» «Реал Сосьедад» жартылай қорғаушысын сатып алғысы келеді

«Әл-Наср» «Реал Сосьедад» жартылай қорғаушысы Такефуса Кубоға қызығушылық танытып отыр.

Relevo мәліметінше, саудиялық клуб Криштиану Роналдуға гол соғу мүмкіндігін жасап беретін ойыншылар қатарын күшейту үшін 22 жастағы жапониялықты сатып алғысы келеді.

Футболшы қазір Жапония құрамасының сапында Азия кубогына қатысып жатыр. Оның испаниялық клубпен келісімшарты 2027 жылға дейін есептелген.

Transfermarkt порталы ойыншыны 60 миллион еуроға бағалап отыр.

Осы маусымда Кубо барлық турнирде 25 матчқа қатысып, 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.


Дереккөз: prosports.kz

Басқа спорттық жаңалықтар