Теннис
Григорий Ломакин Қазақстан чемпионатының финалына өтті

Елордада ересектер арасында теннистен өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында финалға шыққан ойыншылар анықталды.
Өткен жылғы чемпион Григорий Ломакин аса тартысты матчта Тимур Мәуленовті 7:6 (7:5), 7:6 (7:2) есебімен қапы қалдырды. Ертең Ломакин финалда Амир Омархановпен кездеседі.
Әйелдер арасында чемпионаттың бірінші ракеткасы Жібек Құламбаева өзінің фаворит екендігін дәлелдеп, 18 жастағы Іңкәр Дүйсебайдан айласын асырды — 6:1, 6:3.
Екінші жартылай финалда Аружан Сағындықова Полина Слепцованы жолдан тайдырды — 6:3, 6:2.