Теннис
Аружан Сағындықова: «Ел чемпионатының финалына шыққаныма қуаныштымын»

Ел біріншілігінің финалына өткен Аружан Сағандықова өз қуанышымен бөлісті.
— Ел чемпионатының финалына шыққаныма өте қуаныштымын. Жібекпен матчтың оңайға түспейтінін жақсы білемін. Ол — тәжірибелі ойыншы, көп жылдан бері жоғары деңгейде өнер көрсетіп келеді. Дегенмен мен де қарап қалмаймын. Мұндай бәсекелер шеберлігімізді шыңдайды, — деді Сағындықова.