Теннистен Қазақстан чемпионатында ширек финалға шыққан ойыншылар анықталды

Астана қаласындағы Beeline Arena теннис орталығында ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.
Бүгін алғашқы болып Қарағанды облысының өкілдері, өткен жылғы ел чемпионы Григорий Ломакин мен 15 жастағы Родион Трайгель өзара сынға түсті.
Жас теннисші бірінші сетте 2:5 есебімен ұтылып жатып, таразы басын теңестіріп қана қоймай, тай-брейкте сәтті ойнады — 7:6 (7:3). Дегенмен содан кейін тәжірибелі Ломакин камбэк жасай алды — 6:2, 6:0.
Ломакин ширек финалда Артем Сидоровпен ойнайды.
Тағы бір қарағандылық, ATP рейтингісінде 911-орында тұрған Амир Омарханов Даниель Юреклиді небәрі 47 минутта ұтты — 6:0, 6:1. Амирдің ¼ финалдағы қарсыласы — Тимур Сауленко.
Александр Шевченконың бұрынғы бапкері Тимур Мәуленов тартысты матчта Тайыр Сармановтан айласын асырды — 6:2, 7:6 (9:7). Ол ширек финалда Дамир Дүйсенғазинмен шеберлік байқасады.
Сондай-ақ Ислам Орынбасар мен Мансур Саинов тағы бір жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.
Әйелдер арасында әлемнің 300-ракеткасы Жібек Құламбаева Еркежан Арыстанбековаға еш мүмкіндік қалдырған жоқ — 6:0, 6:0. Жібек жартылай финалға шығу үшін Анастасия Крымковамен таласады.
Ширек финалда сонымен қатар Аружан Сағындықова Асылжан Арыстанбековамен, Іңкәр Дүйсебай Альбина Кәкеновамен, Сандуғаш Кенжебаева Полина Слепцовамен кездеседі.
Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!
АДАМДАРҒА КӨМЕКТЕСЕМІЗ. КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ. БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАЙМЫЗ.
Әр сағат сайын A’SU ішіңіз
Lexus. Experience Amazing
Турнирдің бас демеушісі - Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы
Источник: КТФ