Гольф

Жастар арасында гольфтан ел чемпионаты аяқталды

Жастар арасында гольфтан ел чемпионаты аяқталды
ҚГФ

Алматыда гольфтан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Жарыс «Нұртау» гольф клубында өтіп, Қазақстанның түкпір-түкпірінен 30 спортшының басын қосты.

Бұл турнирде «Gross Man» санатында Ераслан Ерғали бірінші орын алды. Владислав Федоровский екінші болса, Мансұр Тұрсынов қола жүлдені еншіледі.

Бұрымдылар арасындағы Gross Ladies турнирінде Ся Тяньна алтын алса, күміс Элина Маковкаға, қола Эвелина Якутқа бұйырды.

Басқа спорттық жаңалықтар