Жалғас Жұмағұлов NAIZA лигасында жекпе-жек өткізуінің себебін атады
Астанадағы NAIZA 55 турнирінде жеңіске жеткен қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов отандық лигада өнер көрсету себебі мен жекпе-жекке дайындығы жайлы айтып берді.
- Қазір NAIZA лигасында не үшін айқасып жүрсің: мақсатың чемпиондық па әлде әлемдік топ лигаға өту ме?
- NAIZA лигасы Қазақстанда ең мықты деп есептейтінімді айтқанмын. Нұрбек Қарабалаға үлкен рахмет, еліміз үшін осындай лиганы дамытып жатыр. Біздің промоушеннің иммиджі көтерілсін деп шықтым, көрермендеріміз үшін. Осы үшін ғана.
- Бұл жекпе-жекке дайындық қалай өтті?
- Бұл айқақса үйде дайындалдым. Басқаша дайындық, ескі мектептің әдісімен.
- Қарсыластың ауысуы қатты әсер етті ме?
- Шынын айтсам, мұндайға үйреніп қалдым. Маған жекпе-жек берді, сосын қарсылас ауысты, кіммен айқасатыныма да қарамадым. Шықтым да жекпе-жек барысында сараптап алдым.
Еске салайық, Жалғас бұл турнирде жапониялық Масато Накамураны (9-8) бірінші раундта нокаутқа түсірді.