Дзюдо

Әбужақынова Парижге жолдама берілетін соңғы жарысқа неге бармағанын айтты

Әбужақынова Парижге жолдама берілетін соңғы жарысқа неге бармағанын айтты
instagram/abiba48

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының үздік спортшысы Әбиба Әбужақынова Астанада 10-12 мамыр күндері өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік жарысынан не себепті шеттетілгенін айтып берді.

«Өз елімізде, елордамызда өтетін, жергілікті жанкүйерлер алдында Олимпиада ойындарына соңғы лицензия беретін маңызды додадан шет қалып жатқаным әрине, қиын. Бірақ, жанкүйерлерім алаңдамаса екен деймін. Мен ең бастысы Париж олимпиадасының жолдамасына қол жеткізіп тұрмын. Олимпиада ойындарына әлемдік рейтингіде алғашқы 17 орында тұрған спортшылар баруға мүмкіндік алады. Ал мен өз салмағымда 3 орында келе жатырмын. Осыған байланысты Ұлттық құраманың бас бапкері мен жеке жаттықтырушым ақылдаса келе соңғы лицензиялық турнирден босатты. Есесіне, жақында өтетін әлем біріншілігіне қатысатын болып жатырымын», - деді Kazinform тілшісіне берген сұхбатында Әбужақынова.

Басқа спорттық жаңалықтар