Кәсіби бокс

Данияр Елеусіновтің туған ағасы WBC титулы үшін жекпе-жек өткізеді

Данияр Елеусіновтің туған ағасы WBC титулы үшін жекпе-жек өткізеді
instagram/daurenyeleussinov

Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусіновтің (11-3-1, 10 КО) кәсіпқойдағы келесі жекпе-жегі белгіленді.

BoxRec.com мәліметінше, Елеусінов 15 наурыз Нью-Йорктегі Madison Square Garden Theater аренасының кіші залындағы бокс кешінде жұдырықтасады. Қазақстандықтың қарсыласы ирландиялық жеңіліп көрмеген боксшы, "Патша" лақап атты Каллум Уолш (9-0, 7 КО) болады, ал кездесу жеңімпазы бірінші орта салмақта WBC Silver титулын иеленеді.

Елеусінов кейінгі рет 2023 жылы қазанда жұдырықтасып, танзаниялық Пиус Мпендеге (9-2, 4 КО) төрешілердің бөлек шешімімен есе жіберді.

Басқа спорттық жаңалықтар