Қазақстан футбол Премьер-лигасы
ҚПЛ-ге көтерілген "Жеңістің" бас бапкері қызметінен кетті
"Жетісу" ФК
ҚПЛ-ге жолдама алған "Жеңіс" футбол клубының бапкері Ринат Әлеуетов қызметінен кетті, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.
34 жастағы қазақстандық маман бірінші лигада ойнаған астаналаық клубты 2022 жылдың көктемінен жаттықтырған еді.
Айта кетейік, бірінші лиганың маусым қортындысы бойынша алдағы үштіктегі семейлік "Елімай", түркістандық "Тұран" және астаналық "Жеңіс" ҚПЛ-ге көтерілді.
Еске салайық, астаналықтар 2000, 2001, 2006 жылдары ел чемпионы атанды. Алайда 2008 жылдан кейін Қазақстан премьер-лигасына көтерілген емес.