Кәсіби бокс

Ауыр салмақтағы Мұсаділовтің келесі жекпе-жегі белгіленді

Ауыр салмақтағы Мұсаділовтің келесі жекпе-жегі белгіленді
instagram.com/serikmussadilov/

Ауыр салмақтағы "Панда" лақап атты қазақстандық боксшы Серік Мұсаділовтың (14-0, 12 КО) АҚШ-тағы келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.


Мұсаділов 1 желтоқсанда Флорида штатының Майами қаласында өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Қазақстандықтың қарсыласт әлі анықталған жоқ.


Айта кетейік, Мұсаділов 28 қазанда Майамиде өтетін бокс кешінде өнер көрсетуді жоспарлаған, алайда боксшы мен промоутердің арасындағы келіспеушілік салдарынан жекпе-жек өтпеді.


Серік Мұсаділов кейінгі жекпе-жегін 2022 жылы 21 қазанда Орландода өткізіп, мексикалық Хавьер Гомес Руэдуды бірінші раундта нокаутқа түсірген (21-18, 15 КО).

Басқа спорттық жаңалықтар