Футбол

"Барселонада" ойнаған Сонг карьерасын аяқтады

Football24.ru

"Арсенал" мен "Барселонаның" 36 жастағы бұрынғы ойыншысы Алекс Сонг карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.


Ол әлеуметтік желіде қоштасу хабарламасын жазып, ойнаған клубтары мен құрамасына, достары мен жанұясына және әлбетте жанкүйерлеріне алғысын білдірді.


Сонг карьерасында "Бастия", "Чарльтон", "Вест Хэм", "Рубин", "Сьон", "Арта/Солар7" командаларында да өнер көрсеткен. Ал 2005 пен 2014 жылдар аралығы Камерун құрамасында ойнады.

Басқа спорттық жаңалықтар