Бокс

Жекпе-жек кезінде екі рет нокдаунға түскен қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді

Жекпе-жек кезінде екі рет нокдаунға түскен қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді
Kazakhstan Boxing Federation

Қазақстандық бұрымды боксшы Бағжан Отынбай Будвада өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.

52 келіге дейінгі салмақтың ширек финалдық айқасында ол мексикалық Валентина Муньос Ревелеспен жұдырықтасты. Бірінші раундта Бағжан анық басымдықпен жеңді - 5:0.

Ал екіншісінде мексикалық боксшы қыз Бағжанды екі рет нокдаунға түсірді. Алайда қазақ қызы да қарсыласын екі рет есеңгіретті. Соңғы раундта Ревелес үшінші рет нокдаунға түсті де, төреші жекпе-жекті тоқтаттты.

Осылай қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Басқа спорттық жаңалықтар