ММА

Самбодан әлем біріншілігінде Қазақстан үшінші болды

Самбодан әлем біріншілігінде Қазақстан үшінші болды
Armenia Today

Ереванда самбодан 2023 жылғы әлем чемпионаты аяқталды. Турнир нәтижесінде Қазақстан құрамасы үшінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Кazinform.


Чемпионатта 65 елден 300-ден астам спортшы 21 салмақ санатында өнер көрсетті. Халықаралық самбо федерациясы (ФИАС) атқару комитетінің шешімімен Ресей, Беларусь, Франция және босқындар командалары бейтарап статуста қатысты.


10-12 қараша күндері өткен әлемдік доданың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үшінші орын алды (1 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль). Екінші орын Өзбекстанға (2 алтын, 1 күміс, 3 қола), бірінші орын бейтарап статуста сынға түскен ресейлік спортшыларға (13 алтын, 2 күміс, 3 қола) бұйырды.


Қазақстандық спортшылардың нәтижесі: Алтын медаль: Арайлым Әбенова (спорттық самбо, 80 кг жоғары) Күміс медальдар: Бажаева Маргарита (спорттық самбо, 50 кг дейін); Қойшыбаев Еламан (спорттық самбо, 88 кг дейін). Қола медальдар: Әлмұханбетова Гүлдана (спорттық самбо, 54 кг дейін); Абатова Шынар (спорттық самбо, 72 кг дейін); Қуатай Арнұр (спорттық самбо, 71 кг дейін); Зекенов Әлібек (спорттық самбо, 98 кг дейін); Жиентаев Талғат (жауынгерлік самбо, 98 кг жоғары).

Басқа спорттық жаңалықтар