Футбол
«Астана» Албания чемпионатының сұрмергенін сапына қосты
"Астана" ФК
«Астана» футбол клубы 22 жастағы нигериялық шабуылшы Ннамди Аханонуды қатарына қосты.
«Ннамди бізбен бірге! Біздің шабуылшы командамен алғашқы жаттығуын өткізді», - деп жазыпты «Астана» футбол клубының баспасөз қызметі.
Аханону бұған дейін албаниялық "Скендербеу" командасында ойнап жүрген. Өткен маусымда ол Албания чемпионатының үздік бомабрдирі атанды.
«Астана» ҚПЛ-дегі келесі матчін 21 сәуір Алматыда «Тобылға» қарсы өткізеді.